Команда Испания чемпионатында бірінші.
ERNUR.KZ. Каталондық "Барселона" жазғы маусым аралығында сегіз бірдей ойыншыны босатуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.
Атап айтқанда командадан Иван Ракитич, Артуро Видаль, Самюэль Юмтити, Мартин Брэйтуэйт, Филиппе Коутиньо, Хуниор Фирпо, Антуан Гризманн мен Нето кетуі мүмкін.
Ракитич "Севильяға" барса, ал Видальді "Интерден" ауысып келетін Лаутаро Мартинес трансферіне қоспақ екен.
Кеткен футболшылар орнына "Барса" басқа ойыншылар алады және ПСЖ-дан Неймарды қайтармақ.