"Барыс" хоккейшілері неліктен құрамадан жаппай кетіп жатыр

0
506

"Астана" клубының басшылығы әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының кейбір ойыншыларына айына шамамен 250-300 мың теңге жалақымен келісімшарттар ұсынған.


ERNUR.KZ. Ұлттық құрама ойыншылары арасынан қақпашы Максим Павленко, қорғаушылар Данил Бутенко, Артем Королев, шабуылшылар Максим Мұхаметов пен Никита Михайлис астаналық клубтан кетті. Ойыншылардың кетуіне жалақының аздығы себеп болған, деп жазады stan.kz.

"Астана" клубының басшылығы әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының кейбір ойыншыларына айына шамамен 250-300 мың теңге жалақымен келісімшарттар ұсынған. Ал әлем чемпионатынан кейін олардың көбіне шетелдік клубтардан жақсы ұсыныстар түскен.

Алайда бір қызығы, елордалық клуб Шуми Бабаевтың клиенті, шабуылшы бола тұра маусым бойы бірде-бір гол соға алмаған ресейлік Кирилл Максимовке 75 миллион теңгеге келісімшарт ұсынған. Ал командаға келгеніне үш ай болған Кристофер Биграсқа 122 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, "Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелканың Қазақстан құрамасының ойыншыларына деген сенімсіздігі де әсер еткен. Өткен маусымның басындағы бес матчтан кейін ол қақпашы Андрей Шутовты қосалқы құрамға жіберіп, бұдан былай ойнауға рұқсат бермеген. Ал ол өзінің жанқияр ойынымен Ригадағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың табысына басты үлесін қосқан.