Бірінші кезеңде қақпаларға жалпы 7 соққы бағытталған болса да, есеп ашылмады.
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындары өтті. Онда Астананың «Барыс» командасы Словакияда «Слован» ұжымына қарсы мұз айдынына шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бірінші кезеңде қақпаларға жалпы 7 соққы бағытталған болса да, есеп ашылмады.
Ал, алғашқы үзілістен кейін 48 – секундта словакиялықтар жерлестеріміздің қақпасын анық нысанаға алды. Червеный шайбаның авторы атанды. Бұл гол «Барыс» ойыншалыраның жеңіске деген құштарлығын арттырды. 27 – минутта 2 ойыншысы четтетілген «Слован» хоккейшілері өз қақпаларынан шайбаны алып шықты. Михайлис таразы басын теңестірді.
Ал, 31 – минутта Грендц «Барысқа» жеңіс келтірген голдың авторы атанды. Соңғы 3 – кезеңде 27 – соққы қақпаға бығатталды. Бірақ, есеп өзгермей «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ұпайлар санын 37 ге жеткізді. «Барыс» келесі матчын 12 қараша күні сырт айдында «Сибирь» командасымен өткізеді.