"Барыстың" экс-бапкері ойыншыларына электросамокатпен жүруге тыйым салды

0
701

Кезінде "Барыс" пен Қазақстан құрамасын жаттықтырған ресейлік маман себебін түсіндірді.


ERNUR.KZ. "Сочи" бас бапкері Андрей Назаров ойыншыларына электросамокатпен жүруге не себепті тыйым салатынын айтты, деп жазады vesti.kz.

Кезінде "Барыс" пен Қазақстан құрамасын жаттықтырған ресейлік маман себебін түсіндірді.

"Бұл командадағы алғашқы талабым осы болды. Көшеде бірнеше рет адамдардың құлап жатқанын көзім шалған. 2-3 рет серуендесең мейлі. Ал сегіз айда жоқ дегенде бір рет құлайды ғой. Ол дегеніңіз ойыншы кем дегенде мұз айдынына екі аптадай шыға алмайды деген сөз", - дейді Назаров.

Еске салайық, жуырда Сочи қаласында өткен турнирде Назаров командасы соңғы матчта Минскінің "Динамосын" ұтты. Нәтижесінде "Сочи" екі ұпаймен жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады. Ал Омбының "Авангарды" жарыс жеңімпазы атанды.