Бейжің-2022: Қазақстандық конькиші Олимпиаданы 18-орынмен аяқтады

0
854

Аталған жарыста Қазақстан атынан Дмитрий Морозов ел намысын қорғады.


Бейжің-2022: Қазақстандық конькиші Олимпиаданы 18-орынмен аяқтады

ERNUR.KZ. Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған жарыста Қазақстан атынан Дмитрий Морозов ел намысын қорғады. Алайда ол жеңімпаздан 3.80 секундқа ұтылып, Бейжің Олимпиадасын 18-ші орынмен аяқтады.

1500 метрге конькимен жүгіруден Олимпиада рекордын орнатқан нидерландылық Кьелд Нёйс бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші орынды да нидерландылық конькиші Томас Крол жеңіп алып, күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея атлеті Ким Мин Сок түйіндеді.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарында спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл, акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.