Бірінші болып Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ бойкот жариялады.
ERNUR.KZ. Ұлыбритания мен Канада Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейді, деп жазады Tengrinews.kz.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты іс-шараға ешбір министр немесе басқа шенеунік қатыспайтынын айтты, Бейжің мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Канада да сол күні Ұлыбританияның жолын қуып, Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады.