Биатлоннан дәстүрлі халықаралық турнир өткізілмейтін болды

0
609

Германия билігі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ел ішінде қандай да бір ірі жарыс өткізуге тыйым салған.


Биатлоннан дәстүрлі халықаралық турнир өткізілмейтін болды

ERNUR.KZ. Биатлоннан жыл сайын Германияның Гельзенкирхен қаласында ұйымдастырылатын «Рождестволық жарыс» өткізілмейтін болды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар хабарлады. Турнир коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді.

Германия билігі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ел ішінде қандай да бір ірі жарыс өткізуге тыйым салған. Биылғы турнир келесі жылға шегерілді.