Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік үштікке енді

0
497

Беделді жарысқа FIDE рейтингінде үздік саналатын 12 шахматшы қатысуда.


Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік үштікке енді

ERNUR.KZ. Астанада шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирі жалғасуда. Аталған сында Қазақстан намысын қорғап жатқан Бибісара Асаубаева турнирдің ең үздік шахматшасымен тең ойнады, деп жазады ulysmedia.kz.

Беделді жарысқа FIDE рейтингінде үздік саналатын 12 шахматшы қатысуда. Қазақстан намысын Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қорғап жатыр.

"Спорт Шредингера" Telegram арнасының хабарлауынша, Бибісара Асаубаева турнирдің ең үздік ойыншысы, рейтинг бойынша басқалардан оқ бойы озық тұрған ресейлік Анастасия Горячкинамен тең ойнады. Осының арқасында Бибісара жалпы есепте төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді.

Ал Жансая Әбдімәлік германиялық Элизабет Петцпен тең түскен.

Турнирдің бесінші айналымында Асаубаева тағы бір ресейлік шахматшы Екатерина Лагномен, Әбдімәлік қытайлық Чжу Цзинэрьмен ойнайды. FIDE Гран-при сериясының бірініші кезеңі 17-30 қыркүйек аралығында өтіп жатыр