130 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында топ жарды, деп жазады Olympic.kz.
130 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты.
Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнін бір алтын, үш күміс және бір қола жүлдемен аяқтады.
Аманғали Бекболатов (55 келі), Мирамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Еркежепов күміспен күптелсе, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел қоржына Азия чемпионатының қола медалін салды.