Боксшылар мен зілтеміршілер олимпиада ойындарынан тыс қалуы мүмкін

0
692

Бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс 2028 жылы Лос-Анжелес қаласында өтетін олимпиада бағдарламасынан тыс қалуы мүмкін.


Боксшылар мен зілтеміршілер олимпиада ойындарынан тыс қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл жайлы Бейжің қаласында өткен халықаралық олимпиада комитетінің отырысында белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазір жазғы олимпиада бағдарламасына спорттың 28 түрі еніп отыр. Олардың қатарына жаңадан скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг қосылды. Лос-Анжелес олимпиадасының ұйымдастырушылары спорт түрлерінің санын артттыруға мүдделі.

Сондықтан бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс олимпиада кестесіне қайта оралуы мүмкін. Халықаралық олимпиада комитеті аталған спорт түрлері федерацияларының жұмысына көңілі толмайды. Біріншіден, Рио олимпиадасында боксқа төрелік жасаған қазылардың жұмысы сын көтермейді.