Жасөспірімдер арасындағы жарыс Арменияда өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Ереван қаласында (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға тағы екі жолдама алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жігіттер арасында 48 келі салмақта сынға түскен Нығмет Нығман Тәжікстан өкілі Мансурхужа Муминовты 3:2 есебімен ұтса, қыздар арасында 52 келідегі Айша Сариева мексикалық Паола Гил Каррерамее кездесуде басым түсті – 4:0.
«Осылайша, Нығман мен Сариева құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік беріп отыр», - делінген хабарламада.
Ал қазақстандық Игорь Соловьев (75 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі) және Аружан Зейноллаева (75 келі) жартылай финалға өте алмады.