Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.
ERNUR.KZ. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды, деп жазады kaz.zakon.kz
Жүлде бойынша топ-3 мемлекет:
- Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
- Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
- Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді: оның ішінде қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық пен Төрехан Сабырхан да (Ең үздік жас ұл боксшы) бар.