Даңққұмар футболшы Златан Ибрагимович өзіне ескерткіш орнатты

0
696

Спортшы өзінің қоладан жасалған статуясын футболдағы карьерасын бастаған жерге орнатты.


Даңққұмар футболшы Златан Ибрагимович өзіне ескерткіш орнатты

ERNUR.KZ. Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович өзінің туған қаласы Мальмеде өзіне арналған ескерткішті ашты. 38 жастағы спортшы өзінің қоладан жасалған биіктігі 2,7 метрлік статуясын футболдағы карьерасын бастаған жерге орнатты, деп жазады zakon.kz.

"Нью-Йоркте Азаттық мүсіні бар, Мальмеде – Златан мүсіні тұр", деді Ибрагимовичтің өзі монументтің ашылуында.

Футбошы атап өткендей, бұл оқиғаны ол өзіне деген зор құрмет деп бағалайды. Ол өзінің тағдыры оңай болмағанын, өмірдегі бар жетістігіне тынбайтын еңбекқорлығы пен өзіне деген сенімділігі жеткізгенін атап өтті.

Шыны керек, Ибрагимович қазір 38 жаста болса да, аса жоғары деңгейдегі шабуылшы екенін көрсетіп жүр. Осы маусымда MLS-тегі 29 ойынында швед аңызы 30 гол соғып, лиганың екінші мергені атанды.