Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

0
1 232

Матч аса тартысты өтіп, үш сет те тай-брейкпен аяқталды.


Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады kaz.inform.kz.



Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 732-орында тұрған бразилиялық Игорь Гименеспен шеберлік байқасты.

Матч аса тартысты өтіп, үш сет те тай-брейкпен аяқталды. Алдымен Д.Попко 7:6 (7:1) есебімен алға шықты. Бұдан кейін И.Гименес таразы басын теңестірді – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші партияда Дмитрий жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Дмитрий Попко финалға шығу үшін рейтингіде 383-сатыдағы германиялық Луис Вессельспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Бразилиядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.