Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

0
575

9 ақпанда отандасымыз Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open сайысында бақ сынады.


Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open жарысынан кейінгі бірінші турниріне қатысты, деп жазады stan.kz.

9 ақпанда отандасымыз Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open сайысында бақ сынады.

Турнирде оның алғашқы қарсыласы әлемнің экс-бірінші ракеткасы, цехиялық Каролина Плишкова болды.

Теннисшілер екінші айналымда бір-біріне қарсы ойнады. Нәтижесінде Рыбакина 6:4 және 6:2 есептерімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық Юлия Путинцева Елена Рыбакинаға қарсы ойнауы мүмкін. Дегенмен бұл үшін ол Бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад-Майяны жеңуі керек.