Қазақстандық спортшы соңғы он жылда осындай нәтижеге қол жеткізген үшінші теннисші атанды.
ERNUR.KZ. Елена Рыбакина жаңа маусымның алғашқы екі айында бес рет WTA турнирінің ширек финалына шыққан. Қазақстандық спортшы соңғы он жылда осындай нәтижеге қол жеткізген үшінші теннисші атанды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұдан бұрын испаниялықтар Карла Суарес-Наварро (2015) және Гарбинье Мугуруса (2020) сондай көрсеткішпен көзге түскен болатын.
Биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) мен Әбу-Дабиде (БАӘ) чемпион атанса, Аделаидеде (Аустралия) ширек финалда ұтылды.
Ал Доха (Қатар) WTA 1000 жарысының финалына дейін жетті.
21 ақпанда Елена Польша өкілі Магдалена Френхті ұтып, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына өтті.