Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен бетпе-бет келді.
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп жазады Stan.kz.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен бетпе-бет келді. Спортшылар бірінші рет кездесіп тұр.
Айта кетейік, бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте Рыбакина брейкке қол жеткізіп, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Ал екінші сетте керісінше есеп 3:4 болғанда, қазақстандық теннисші қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 3:5. Дегенмен артынша өз қателігін түзеді – 5:5. Бірақ тай-брейкте Таунсенд сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Үшінші, шешуші партияда Елена 2:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы алысқа ұзатқан жоқ – 2:2. Рыбакина матчты брейкпен түйіндеді – 6:4.
Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 16 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Таунсенд 9 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, тағы бір америкалық Мэдисон Кизбен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингіде 43-орындағы қытайлық Синьюй Ванның мысын басты – 6:4, 7:6 (7:5).