Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында жеңіліп қалды

0
401

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.


Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді - 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).

Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетті - 6:4, 6:1.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.

Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды - 6:2, 6:4.