Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Эльжана Таниева Испанияның Марбела қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық гимнаст доппен жаттығула 32,900 ұпай жинап, үздік үштікке енген.
Бұл жаттығуда болгариялық спортшылар алдына жан салмады.
Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды. Эльжана Таниеваға қола медаль бұйырды.
Биыл ақпанда Эстонияда өткен Гран-при турнирінде Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нариман Құрбановтың спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.