Ерсұлтан Шәкенбай ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды

0
1 016

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.


Ерсұлтан Шәкенбай ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық файтер үшінші жыл қатарынан жеңіл салмақта аралас жекпе-жек өнері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп жазады Zakon.kz.

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған жарыста қыздар арасында бірінші орынды Жанна Қасқынова иеленді. Ол тұншықтыру техникасын қолдану арқылы шешуші кездесуде жеңіске жетті.

Жалпы есепте Қазақстан бір ұпай айырмашалықпен Украинадан кейін екінші орынға орнықты. Топ-3 үздіктер құрамасын Тәжікстан спортшылары түйіндейді.

Биыл ақпан айында Ерсұлтан Шәкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.