FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді

0
1 364

​Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуге тиіс болатын.


FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді

ERNUR.KZ. Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспаралған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген болатын. Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.