51-ші минутта бұрыштама добынан соң Юмтити Францияның жеңіс голын соқты.
ERNUR.KZ Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финал матчы өтті деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.
Франция мен Бельгия Санкт-Петербург қаласында кездесіп, финал жолдамасын сарапқа салды. Ойынның басынан бельгиялықтар жылдам шабуылдар ұйымдастырып гол соғу әрекетінде болды. Бірақ, оларға кездесуде гол соғу бақыты бұйырмады. Ромелу Лукаку, Эдин Азар, Маруан Фейллани, Кевин де Брюне секілді саңылақтары бар команда финал жолдамасынан құры қалды.
51-ші минутта бұрыштама добынан соң Юмтити Францияның жеңіс голын соқты. Есеп - 1:0.
Екінші жартылай финал матчы Хорватия мен Англия арасында өтеді.