Фонтенбло қаласында өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында қазақстандық көкпаршылардың тартысты ойыны өтті.
ERNUR.KZ. Жексенбі күні Қазақстанның көкпардан Жастар лигасы Франциядағы көрермендерге көкпар ойнауды көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақтың ұлттық спорты Парижден 50 шақырым қашықтықтағы Фонтенбло қаласында 25-26 мамыр күндері өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында көрсетілді.
Көкпаршылардың тартысты ойыны фестивальдағы ең қызықты сәттердің бірі болды. Көрермендер ұлттық ойынның ерекшелігімен, шығу тарихымен танысты. Оларға бірқатар тактикалық әдіс пен техникалық машықтардың құпиялары түсіндірілді.
2002 жылдан бері өткізілетін фестиваль бағдарламасында көкпармен қатар, ит жүгіртіп аң аулау, садақ ату, атқа міну өнері, сұңқар салу, аңшылық кернейшінің байқаулары кірді.