Головкин – "Канело" жекпе-жегіне қанша жанкүйер келгені белгілі болды

0
639

Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең Сауль Альварес Геннадий Головкинді жеңіп, супер орта салмақта абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалған.


Головкин –

ERNUR.KZ. Boxingscene.com сайтының жетекші тілшісі Кит Айдек қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке келген көрермендер санын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

"T-Mobile Arena-ға ресми келушілер саны 19 519 көрермен болды", - деп жазды Айдек Твиттерде.

Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең Сауль Альварес Геннадий Головкинді жеңіп, супер орта салмақта абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалған.