Головкин мен Деревянченко көз арбасты

0
891

Қос боксшы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына таласатын болады.


Головкин мен Деревянченко көз арбасты

ERNUR.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко Нью-Йоркте ресми түрде жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қос боксшы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына таласатын болады. 37 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласынан 90 грамм ауыр болып шықты - 72,211 келі, ал украиналық 72,121. Екеуі де орта салмақ лимитінен аспады - 72,574 келі).

Салмақ өлшеу рәсімінде Головкин қазақстандықтармен сөйлесіп, қолтаңбасын таратты. Сондай-ақ, бокс жанкүйерлерін Деревянченконы қолдауға шақырды.