Головкин-Роллс андеркарты: Қазақстандық «нокаут королі» жеңіліске ұшырады

0
1 085

Орта салмақтағы Эюбов-Себальо боксы 8 раундқа созылды.


Головкин-Роллс андеркарты: Қазақстандық «нокаут королі» жеңіліске ұшырады

ERNUR.KZ. Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан 32 жастағы ақтөбелік боксшы Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальоға (8-0, 4 КО) есе жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.

Орта салмақтағы Эюбов-Себальо боксы 8 раундқа созылды. Бақтияр Эюбов бірінші раундта көбіне қорғана қимылдады. Себальо раунд соңына таман қарсыласына бірнеше апперкот өткізе алды. Бақтияр үшінші раундтың ортасында қарымта шабуылдарға иек артып, басымдықты өз жағына аударды. Алайда, алтыншы раундта Себальо қарқын үдете бастады. Бойшаң америкалықтың соққылары жерлесімізге дөп тиіп жатты. Соңғы минутта қос спортшы ашық айқасқа шықты.

Төрешілердің шешімімен Брайан Себальо ұпай санымен жеңіске жетті. Осылайша, Бақтияр Эюбов кәсіби рингте бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Былтыр маусым айында Ақтөбе тумасы Детройттағы бокс кешінде тәжірибелі америкалық боксшы Николас Гивэнді техникалық нокаутпен жеңген болатын. Сөйтіп, ол IBF тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион өңірлік титулына ие болды.

Айта кетейік, Нью-Йорктегі басты бокс кешін қазақстандықтар тікелей эфирде «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан көре алады.