Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) кубалық боксшыға қарсы WBA Super белбеуін қорғаудан бас тартты.
ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) осы дивизионда WBA ұйымының титулына жалғыз ие боп қалған кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды, деп жазады vesti.kz.
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) кубалық боксшыға қарсы WBA Super белбеуін қорғаудан бас тартты.
"Болашақ чемпиондарға (WBA, IBF тұжырымы бойынша) айтарым: келіңдер айқасайық. Лара, кел жекпе-жекке! WBO чемпионы WBA чемпионына қарсы. Менің мақсатым - орта салмақта барлық белбеуді біріктіру екенін бәрі біледі. Уақыт келді деп ойлаймын. Жәнібек - Лара айқасын ұйымдастырайық", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттерде.