Головкин мен Джейкобс 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын.
ERNUR.KZ. Boxingnews24.com порталының журналисі Марк Айснердің пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен реванш өткізуге қарсы емес, деп жазады Prosports.kz.
«Головкин, шамасы, суперорта салмаққа көтеріліп, DAZN аясында Джейкобспен реваншта кездесуге қарсы емес. Олардың 2017 жылғы жекпе-жегі жақын өткен – боксшыларды аз ғана нәрсе айырған еді. Головкин жеңіске жетті, бірақ жеңіс кез келген тарапқа кетіп қалуы мүмкін болатын. Джейкобстың нәтижеге көңілі толмады, фанаттары да оның жеңгеніне сенімді. Жекпе-жек жақын өткені жақсы болды, себебі ол бір тарапта ғана болса, көрермендерді реванш қызықтырмас еді», - деп жазды автор.
Естеріңізге салсақ, Головкин мен Джейкобс 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын.