"Канелоның" рингке оралуы қараша айына белгіленген.
ERNUR.KZ. Орта және екінші орта салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін жаттығу залына оралды, деп жазады Тengrinews.kz.
Боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жаттығып жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады. Айта кетейік, "Канелоның" рингке оралуы қарашаға белгіленген. Дегенмен мексикалықтың қарсыласы мен жекпе-жек өтетін орны анықталған жоқ.
Сонымен бірге, Альварес жартылай ауыр дивизионда WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 KO) пен британиялық Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) 24 тамыз Ресейде өтетін жекпе-жегінің немен аяқталарын күтуде. Ресейлік жеңсе, Альварес онымен жартылай ауыр салмақта жұдырықтаспақ.