Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Токио Олимпиадасына жолдама алды

0
1 593

Күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына жолдама командаға беріледі.


Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Токио Олимпиадасына жолдама алды

ERNUR.KZ. Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Азия құрлықтық іріктеу турнирінің финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz.

«Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол жартылай финалда үндістандық қарсыласын 5:9 есебімен жеңді. Осылайша, Нұрсұлтан ел құрамасына Токио Олимпиадасының жолдамасын алып келді»,– деп жазылған комитет сайтында.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына жолдама командаға беріледі.