Ильин 2020 жылғы Олимпиадада әлем рекордын жаңартпақ

0
879

Илья Ильин Токио турнирінде көрсеткен өнеріне баға беріп, алға қойған басты мақсатын атады.


Ильин 2020 жылғы Олимпиадада әлем рекордын жаңартпақ

ERNUR.KZ. Қазақстанның белгілі ауыр атлеті Илья Ильин Токио турнирінде көрсеткен өнеріне баға беріп, 2020 жылғы Олимпиададағы басты мақсатын атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Көрсеткен өнеріме көңілім толды. 170 килограмға азғана жетпей қалды, әлі жұмыс істейтін тұстар баршылық. Жылдың соңына қарай, әлем чемпионатына дейін бәрін реттеуім керек. Егер Олимпиадаға жолдама алсам, онда рекорд жасауға әрекет етемін. 11 шілдеде базаға барып, жұмысқа кірісеміз», - дейді Ильин.

Спортшы жақын арадағы жарыстарға қатысуы туралы да айтып өтті.

«15 тамызда Талдықорғанда Қазақстан халқы Спартакиадасы болады. Сол жерде 172-173 және 210 кг көтеруді жоспарлап отырмын», - дейді атлет.