Ол екі рет Қазақстан кубогін жеңген.
ERNUR.KZ. Алматылық "Қайрат" командасының бұрынғы бас бапкері Карлос Феррер кипрлік "Эносис" командасының тізгінін ұстады. Паралимни қаласының командасымен бапкер 2021 жылдың 30 маусымына дейін шартнамаға қол қойған,- деп жазады vesti.kz.
"Эносис" биылғы маусымда ішкі біріншілікте 15 команданың ішінде соңғы орында келеді. Команда алғашқы төрт турда бірде-бір ұпай ала алмады. Сондықтан да команда басшылары жағдайды ретке келтіру үшін 45 жастағы испаниялық маманды шақырып отыр екен. Бұл команда келесі ойынын 25 қыркүйек күні "Кармиотисс" командасына қарсы өткізеді.
Еске салайық, Феррер 2017 жылдың жазымен 2018 жылдың қазанына дейін "Қайрат" командасын жаттықтырған. Оның бастамасымен алматылық клуб екі рет Қазақстан кубогін жеңіп, екі рет ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған.
"Қайраттан" кеткен соң ол "Катар СК" командасын жаттықтырып, былтыр қызметінен кеткен еді.