Қамшыбектің неге Джалоловпен жекпе-жекке шықпағаны белгілі болды

0
573

92 келіден аса салмақта өнер көрсететін қазақстандық Софиядағы турнирде Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасу керек болған.


Қамшыбектің неге Джалоловпен жекпе-жекке шықпағаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының бокашсшысы Қамшыбек Қоңқабаев Странджа кубогіндегі жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

92 келіден аса салмақта өнер көрсететін қазақстандық Софиядағы турнирде Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасу керек болған.

"Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Странджа рингіне шықпады. 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет", - делінген хабарламада.