Қанат Ислам 20 ақпанда жекпе-жекке шығады

0
2 688

Он раундық жекпе-жек Майами қаласында өтеді.


Қанат Ислам 20 ақпанда жекпе-жекке шығады

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 KO) Гана спортшысы Ободая Саимен (лақап аты «Чудо») айқасатындығы туралы жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.


«Хабарлағаныма қуаныштымын! 20 ақпан күні сағат 21:00-де (21 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-де) көптен күткен жекпе жек өтеді! Біз сіздердің оны қалай ұзақ күткендеріңізді білеміз!» - деп жазды Ислам Instagram-дағы парақшасында.


Он раундық жекпе-жек Майами қаласында өтеді (Флорида штаты, АҚШ).

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қазан айында кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе жегінде Қанат Ислам Алматыда Намибия боксшысы Уолтер Каутондоквадан (18-2, 17 КО) басым түсіп, WBO International дәрежесі бойынша орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.