"Канело" келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

0
2 939

Жекпе-жек мамырда өтеді.


ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) өзінің келесі кездесуін осы салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерсқа (30-0, 14 КО) қарсы өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл жекпе-жектің өтетіні туралы "Канелоның" түркиялық Авни Йылдырымды жеңгеннен кейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн айтты.

Жекпе-жек 8-мамырда өтеді. Кездесудің нақты қайда өтетіні белгісіз.



Еске салайық, бүгін "Канело" түркиялық Авни Йылдырымға қарсы кездесу өткізіп, төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл кездесуде мексикалық өзіне тиесілі чемпиондық белбеулерді қорғап қалды.