Қардағы волейбол: Алғашқы Азия чемипонаты Өскеменде өтуі мүмкін

0
729

Турнир 2022 жылдың ақпанына жоспарланған.


Қардағы волейбол: Алғашқы Азия чемипонаты Өскеменде өтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Азия волейбол конфедерациясы (AVC) Қазақстанда қардағы волейболдан алғашқы Азия чемпионатын өткізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Турнир 2022 жылдың ақпанына жоспарланған. Өткізілетіін орын ретінде Өскемен немесе Нұр-сұлтан қалалары қарастырылып жатыр. Айта кету керек, Қазақстанның әйелдер құрамасы 2018 жылы Мәскеуде Еуротурдың үздік бестігіне кірген.

"Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) бұл спорт түрін Олимпиада ойындарына ұсынып көреді", — дейді Қазақстан Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

Өйткені халықтың қызығушылығы зор. Қазір бізде суықта деформацияланбайтын Mikasa брендінің добы бар. Ойын ережелері, тордың биіктігі, алаң өлшемдері – барлығы жағажай волейболындағыдай. Бірақ тек үш ойыншы ойнайды. Қосалқы төртінші ойыншы болады. Оның айтуынша, арнайы аяқ киім ғана "дамымай" тұр. Әзірге табанының бүрі бар футбол аяқ киімдерін киіп жүргенге ұқсайды.

Бұл спорт Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиадада болашақ олимпиадалық спорт түрі ретінде таныстырылған. Классикалық және жағажай волейболының жұлдыздары ойнап та көрген. Қазір Еуропада жақсы дамып келе жатыр.

"Азия волейбол конфедерациясының атқарушы комитетінің кейінгі отырысында маған Қазақстан аумағында осы спорт түрінен бірінші Азия чемпионатын әзірлеу және өткізу тапсырылды. Әрине, оған Азия елдерінің климаттық жағдайларын ескерсек, барлығы бірдей қатыса алмауы бек мүмкін. Десе де, ерлер мен әйелдерден сегіз-сегіз команда жинай аламыз деп ойлаймын. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Иран, біздің еліміздің командалары... бір қызығы, Жаңа Зеландия мен Австралия да қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл екі елде жағажай волейболы өте жақсы дамығанын білесіздер. Австралиялықтар соңғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері", - деді Ермек Сырлыбаев.

Турнирді ұйымдастыруға ресейлік сарапшы Мария Щербакова көмектеседі екен. Спортшыларға арналған жылы киіну орындары, төрешілер корпусы, секретариат, ыстық сусындар және осы секілді басқа да тұрақты дүниелер қажет. Себебі бізде үш-төрт ай бойы ойнауға болады. Дайындалуға уақыт та көп емес.

"Қазір біз Шығыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан дайын корттарды қарастырып жатырмыз. Ірі тау шаңғысы базаларының аумағында да өткізуге болады, - деді ол. Жарысқа жағажай волейболшылары шақырылады. Өйткені бұл спорт соларға жақын. Ерлер мен әйелдерден бір-бір команда жасақталмақ. – Бұл – алғашқы тәжірибе. Егер сәтті болса, ересектер мен балалар арасында жергілікті чемпионаттарды өткізіп тұрамыз", - деді Ермек Сырлыбаев.