​Катарда қазақстандық команда бірінші орын алды

0
949

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.


​Катарда қазақстандық команда бірінші орын алды

ERNUR.KZ. Халықаралық Катар кубогіне лицензиялық турнир аяқталды, деп жазады Baq.kz..

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Ауыр атлетшілер жарыстан үш медальмен келе жатыр. Игорь Сон және Раушан Мешітханова күміс медаль алса, Нижат Рахимов қола жүлдегер атанды.

Бұдан бөлек қазақстандық спортшылар: Игорь Сон (61 кг дейінгі категорияда) – серпе және жұлқыма көтеруден күміс, Нижат Рахимов (73 кг дейінгі категорияда) - серпе және жұлқыма көтеруден күміс, Айдар Казов (81 кг дейінгі категорияда) – серпе көтеруден қола, Карина Горичева (64 кг дейінгі категорияда) – серпе көтеруден қола, Раушан Мешітханова (100 кг дейінгі категорияда) – жұлқыма көтеруде алтын және серпе көтеруде күміс медаль иемденді.

«Біздің ауыр атлетшілеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Көзделген нәтижеге қол жеткіздік. Енді көрсеткіштерді жақсартуға тырысамыз. Игорь Сон мен Раушан Мешітханованы ерекше атап өткім келеді. Игорь Сон ересек спортшылар арасындағы екінші жарысына қатысып жатыр. Ол алғаш рет 2017 жылы Ашхабадта өткен жарысқа қатысқан болатын. Бұл жарыста Әлем чемпионаты Арли Чонтеймен бірдей салмақта шығып, оны басып озды», - деді ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Юрий Мельников.