Қазақ күресінен ӘЧ: Жарыстың екінші күні ел спортшылары 5 «алтын» жеңіп алды

0
544

Жеңімпаздар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.


Қазақ күресінен ӘЧ: Жарыстың екінші күні ел спортшылары 5 «алтын» жеңіп алды

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық палуандар бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жеңімпаздар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғыранан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды.

Сайыстың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Рауза Нұрмахаметова (55 кг) мен Зарина Зарипова (65 кг) тұғырдың жоғары сатысына көтерілді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан қазақстандық палуан Марат Нығматулаев күміс медаль еншіледі.

Еске сала кетейік, чемпионатқа әлемнің 40 елінен 350 балуан қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні ел спортшылары 3 алтын медаль жеңіп алған еді.