"Қазақ шапаны трендте": Америкалық боксшы "дуэльге" ерекше киіммен шықты (ВИДЕО)

0
1 629

Америкалық Майкл Хантер мен ресейлік Александр Поветкин WBA титулына жұдырықтасады.


ERNUR.KZ. «Қазақ шапаны трендте». Америкалық боксшы Майкл Хантер пресс-конференцияға қазақ шапанын киіп шықты, деп хабарлайды Аltaynews.

Ертең, жетінші желтоқсанда Сауд Арабиясында америкалық Майкл Хантер мен ресейлік Александр Поветкин WBA титулына жұдырықтасады. Кездесу алдында өткен кешегі пресс-конференцияда Майкл Хантер қазақ шапанын киіп шықты.

"Майкл Хантермен жұдырықтасуым қызықты, әділ бокс болады деп сенемін", – деді Александр Поветкин.

"Мені кімнің қашанға дейін аутсайдер санайтынын білмеймін. Сенбілік кездесуде өзімнің міндетімді атқарамын, қолымнан келгенін аянбаймын. Ол (Александр Поветкин) Олимпиаданың алтын медалінің иегері, элита қатарында. Бұл кездесудің оңай болмасы анық. Мен жоспарды тыңғылықты орындап, жеңіске ұмтыламын", – деді Майкл Хантер.