Таэквондошылар жартылай финалға өтіп, өкініше қарай онда жеңіліс тапты.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде жүлде жинауды жалғастыруда, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, бүгін жағажай волейболынан ерлер құрамасы мен таэквондо құрамасының өкілдері Жансель Дениз (67 келіден жоғары) бен Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары) бірінен соң бірі жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жағажайшылар үшінші орын үшін кездесуде Иранды 2:0 есебімен ұтты.
Таэквондошылар жартылай финалға өтіп, өкініше қарай онда жеңіліс тапты. Алайда, 1/2 финалға шығу олар үшін қола жүлдеге кепілдік берді.
Еске салайық, бүгін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан аралас жұптық сайыста алтын медаль алған болатын.
Сондай-ақ 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Зухара Ирназарова чемпион атанды.
Ал семсерлесуден ерлер құрамасына қола медаль бұйырды.