Қазақстан құрамасы Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастады

0
537

Чили құрамасымен матч Ла Серена қаласында 4-5 ақпан күндері «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарында өтеді.


Қазақстан құрамасы Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастады

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Чили құрамасымен матч Ла Серена қаласында 4-5 ақпан күндері «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарында өтеді.

Тынық мұхиты жағалауында орналасқан қалаға капитан Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасы толықтай келді.

Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов жаттығуға кірісті.

Бұл қос елдің арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Чили – 1976 жылы Дэвис кубогінің финалисі атанған команда.

«Мен мұндай корттарға алаңдамайтын болдым, бұрын топырақ төсенішінде нашар ойнағанымды естен шығардым. Чилиге жақсы көңіл-күймен келдім. Өз елімнің намысын қорғап, жеңу үшін бар күшімізді саламыз, сондықтан мұқият дайындалудамыз», деді Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик.

Бастапқы жекелей сында екі ойын өтеді. Келесі күні жұптық сында бір, жекелей сында тағы екі кездесу болады.

Жеңімпаз команда Дэвис кубогінің қыркүйекте өтетін финалдық кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинанның эйс жасаудан рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Юлия Путинцева Таиландтағы WTA жарысында жеңіліп қалды.

Аустралия ашық чемпионаты ең көп жанкүйер жинаған жарыс болды.