Жеңіс голын футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова салды.
ERNUR.KZ. Ресей чемпионатының 13-айналымында красноярлық "Енисей" мәскеулік ЦСКА командасын жеңді, деп жазады Vesti.kz.
Кездесу 1:0 есебімен "Енисей" клубының жеңісімен аяқталды. 90+3 минутта жеңіс голын футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова салды. Осылайша, Краснояр қаласының клубы тарихта бірінші рет қазіргі ел чемпионынан басым түсті.
Айта кетейік, ал ЦСКА сапында тағы бір футболшы қызымыз Юлия Мясникова өнер көрсетеді.
Осы ойын нәтижесінен кейін турнир кестесінде 25 ұпаймен ЦСКА үшінші, ал "Енисей" төртінші орынға жайғасты.