Қазақстан құрамасының капитаны Еуроға іріктеу матчі алдында жарақат алып қалды

0
509

Капитан 6 аптадай ем қабылдайды.


Қазақстан құрамасының капитаны Еуроға іріктеу матчі алдында жарақат алып қалды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы капитаны Асхат Тағыберген жарақат алып қалды. Ол енді құраманың Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі Сан-Марино мен Словения құрамаларына қарсы ойынына қатыса алмайды, деп жазады vesti.kz.

Асхат 25-турда "Шахтерге" қарсы ойынның екінші таймында алаңдағы орнын уақытынан бұрын босатқан еді. Оған себеп жарақаты болатын. Футболшы аяғының саусағын сындырып алған.

Капитан 6 аптадай ем қабылдайды. Ұлттық құраманың қараша айында өткізетін Сан-Марино мен Словения құрамаларына қарсы ойынына қатыса алмайды.

Айта кетейік, кеше өз алаңында Қарағандының "Шахтер" клубын жеңген "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған болатын.