Осы 16 жүлденің 5-і - ең жоғары бағалы медаль.
ERNUR.KZ. 14 сәуірде Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталады. Жарыстың соңғы күні кілем иелері еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін Қазақстан спортшылары күрестің әр түрінен түрлі номинациядағы 16 жүлде жинады, деп жазады zakon.kz.
Осы 16 жүлденің 5-і - ең жоғары бағалы медаль. Ибрагим Магомадовтың (грек-рим күресі), әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Жәмилә Бақбергенованың құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалса, еркін күрестен Санжар Досжанов пен Болат Сақаев ерекше атап өтілді.
Қазақстанның грек-рим күресі өкілдері Диас Кален мен Нұрсұлтан Тұрсынов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Азия чемпионатының қола жүлдегерлері ретінде Алмат Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедәлі Мамырбек және Әлімхан Сыздықов (барлығы грек-рим күресі) аталды. Турнирдің үшінші кезеңінде қыздар Марина Седнева, Нилифур Раимова және Елена Шалыгина жеңімпаз атанды.
13 сәуір күні еркін күрес балуаны Рахат Қалжан Қазақстан құрамасына қоланы әкелді. Әзірге Рахаттың әріптестері Азия чемпионатының қалған жүлделері үшін күресіп жатыр. 2023 жылғы Чемпионатта 3-орын үшін финалдық кездесулер мен жекпе-жек Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.