Қазақстан Ресеймен тең түсті

0
1 323

Футзалдан Словенияда өтіп жатқан ХІ Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынында Ресей құрамасымен тең түсті.


Қазақстан Ресеймен тең түсті

фото uefa.com сайтынан

Футзалдан Словенияда өтіп жатқан ХІ Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынында Ресей құрамасымен тең түсті. Кездесудің екінші минутында Ресей құрамасы Эдер Лиманың Қазақстан қақпасына бағыттаған добынан кейін есепте алға шықты. Бұдан кейін таразы басын теңестірмек болған біздің ойыншылар бірнеше қауіпті шабыулдар ұйымдастарды. Алайда Ресей қақпашысы Дмитрий Путилов жоғары шеберлігін байқата білді. Қос команда 0:1 есебімен үзіліске кетті.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы қарсыласын тұтас команда болып қыспаққа алды. Шабуылға қақпашымыз Игита да араласып, ақыры Дугластың қашықтан тепкен добы қақпа ішінен табылды. Бұдан кейін қос команда алма-кезек шабуылдағанымен есеп өзгермей, матч тең аяқталды.

Қазақстан құрамасы «С» тобында бірінші орынға ие болып, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Голдар: Эдер Лима, 1:45 (0:1). Дуглас, 23:25 (1:1).

Қазақстан: Игита, Есенаманов, Нұрғожин, Дуглас, Довгань – Тайнан, Жаманқұлов, Сүлейменов, Оразов, Тұрсағұлов, Ақбалықов, Таку, Першин, Шамро.

Ресей: Путилов, Милованов, Эдер Лима, Робиньо, Давыдов – Ромуло, Лысков, Абрамов, Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Чишкала, Эскердинья, Замтарадзе.

Төрешілер: Габор Ковач (Венгрия), Болаж Фаркаш (Венгрия). Любляна. «Арена Стожице».