Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты

0
637

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.


Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін жүзуден (S4) жарысында финалға шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші болып келді.

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.

Зүлфия Ғабидуллина - 2016 жылы өткен Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын.

Әзірге Токиодағы Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына бес медаль түсті. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола медаль еншіледі.