Қазақстан Токио Олимпиадасына қатысуға ресми шақыру алды

0
1 079

Жарыс 2020 жылғы 24 шілдеде басталады.


Қазақстан Токио Олимпиадасына қатысуға ресми шақыру алды

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) шақыру хатында ХОК президенті доктор Томас Бахтың қолы қойылған. Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді.

«Қазіргі таңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. Олимпиадағы жолдаманы жүзуші Дмитрий Баландин (100, 200 метр, брасс), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велошабандоз Евгений Гидич (лицензия белгілі бір спортшыға берілмейді), классикалық садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) және ашық суда жүзуші Виталий Худяков иеленді. Садақ ату спортынан Қазақстан командалық және жекелей сайыста да өнер көрсетеді», - делінген ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратында.

Токиодағы Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 2020 жылғы 24 шілдеде басталады, жабылу салтанаты 9 тамызда өтеді.