Қазақстан жасөспірімдері теннистен ӘЧ жолдамасына таласады

0
518

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.


Қазақстан жасөспірімдері теннистен ӘЧ жолдамасына таласады

ERNUR.KZ. Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квак жаттықтыратын команда Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады. Бұл матчтер бүгін өтеді.

Қазақстандықтар жапониялықтарды жеңсе, жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.