Қазақстан жастар құрамасы қарсыласына 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бесінші ойынын өткізді, деп жазады Kazinform.
IA дивизионында бесінші турда қазақстандық жастар Австриямен кездескен еді. Ойынның негізгі кезеңі 6:6 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз буллит сериясында анықталды. Бұл жолы австриялық хоккейшілер мүлт кеткен жоқ.
Осылайша Қазақстан жастар құрамасы қарсыласына 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы төрт турда жеңіске жетті. Олар Венгрия (5:2), Дания (3:2), Франция (4:0) және Жапониядан (3:1) есебімен басым түсті.
Нәтижесінде бір тұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.