Қазақстандық 5 зілтемірші АҚШ-та бес "алтын" алды

0
1 253

Лас-Вегасқа аттанған бес спортшының бесеуі де әлем чемпионы атанды.


Қазақстандық 5 зілтемірші АҚШ-та бес

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы тағы да екі алтын иеленді деп жазады Olympic.kz.

Бүгін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Ольга Пастухова әлем чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 92 келіні, серпе көтеруде 123 келіні еңсерген жас спортшы қарсыластарын шаң қаптырды.

Пастухованың жұлқа көтеруден кіші күміс медальді, серпе көтеруден кіші алтынды иеленгенін айта кету керек.

Бұл салмақтағы күміс және қола медаль Өзбекстан мен Жапония спортшыларының еншісінде.

Сондай-ақ, 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Бекболат та командаластарын жерге қаратқан жоқ. Ол екі бағдарлама нәтижесінде 323 келіні көтерген болатын. Біздің спортшыға жұлқа көтеруде 144, серпе көтеруде 179 келі бағынды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы АҚШ-тағы әлем чемпионатын 5 алтын медальмен аяқтап отыр. Лас-Вегасқа аттанған бес спортшының бесеуі де әлем чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмолда Сайрамкез, Сайхан Тайсуев және Сәпи Есенкелді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері - Бақыт Ахметов.